Новости Казахстана

«Мамандық үздігі» республикалық конкурсы жарияланды

«Мамандық үздігі» республикалық конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлері, сондай-ақ медицина саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері арасында «Мамандық үздігі» республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 20.04.2026 – 11.06.2026

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

I (өңірлік) кезең (20.04.2026 – 22.05.2026)

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде өткізіледі. Бұл кезеңде конкурстық комиссия екінші (республикалық) кезеңге қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздарды анықтайды:

Өңірлік деңгейде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) – 15 номинация бойынша:

  • «Үздік стационар дәрігері»,
  • «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері»,
  • «Үздік шұғыл көмек дәрігері»,
  • «Үздік ауыл дәрігері»,
  • «Үздік денсаулық сақтау менеджері»,
  • «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер»,
  • «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласының үздік маманы»,
  • «Үздік стационарлық медбике»,
  • «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік медбикесі»,
  • «Үздік ауыл медбикесі»,
  • «Үздік акушер»,
  • «Үздік фельдшер»,
  • «Үздік провизор»,
  • «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер»,
  • «Медициналық колледждің үздік оқытушысы».

Медициналық жоғары оқу орындары (ЖОО), ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ), ұлттық орталықтар (ҰО), сондай-ақ көпбейінді ЖОО жанындағы медицина факультеттері мен мектептері деңгейінде – 2 номинация бойынша:

«Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы»,

«Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым».

II (республикалық) кезең (25.05.2026 – 11.06.2026)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде өткізіледі.

Конкурстың II кезеңіне әр номинация бойынша өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған тек бір үміткер ұсынылады.

Конкурс номинациялары:

  • Үздік стационар дәрігері
  • Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері
  • Үздік шұғыл көмек дәрігері
  • Үздік ауыл дәрігері
  • Үздік провизор
  • Үздік денсаулық сақтау менеджері
  • Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы
  • Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер
  • Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласының үздік маманы
  • Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер
  • Медициналық колледждің үздік оқытушысы
  • Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым
  • Үздік стационарлық медбике
  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік медбикесі
  • Үздік ауыл медбикесі
  • Үздік акушер
  • Үздік фельдшер

Қатысу шарттары:

2024 жылғы 28 маусымдағы № 44 (мемлекеттік тіркеу № 34653) бұйрықпен бекітілген «Мамандық үздігі» құрметті атағын беру қағидаларына сәйкес.

Конкурсты өткізу кезеңдері:

Өтінімдерді қабылдау: конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау — 20.04.2026 – 30.04.2026;

Өңірлік конкурстық комиссияның жұмысы — 04.05.2026 – 18.05.2026;

Үміткерлерді ұсыну: республикалық кезеңге қатысу үшін әр номинация бойынша 1 үміткерді ҚР ДСМ-ге жолдау — 19.05.2026 – 22.05.2026;

Республикалық конкурстық комиссияның жұмысы — 25.05.2026 – 05.06.2026;

Қорытындыларды жариялау: конкурс нәтижелерін ҚР ДСМ ресми сайтында жариялау — 11.06.2026 қоса алғанда.

«Мамандық үздігі» атағына көтермелеу:

Толық ақпарат СІЛТЕМЕ бойынша.

ҚАҒИДАЛАР ЖӘНЕ ӨТІНІМ НЫСАНЫ

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image