Новости Казахстана

Фармация мектебі түлектерімен магистратураға түсу мәселелері бойынша кездесу

Фармация мектебі түлектерімен магистратураға түсу мәселелері бойынша кездесу
Фото: Фармацевтическое обозрение Казахстана

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде магистратура және PhD докторантура бойынша ғылыми кадрлар даярлау жүзеге асырылады. Магистратура және PhD докторантура бөлімі Фармация мектебінің өкілдерімен және В072 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және В085 – «Фармация» білім беру бағдарламаларының түлектерімен магистратураға түсу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Фармация мектебі 2026–2027 оқу жылына келесі білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік (оқу мерзімі – 1 жыл) және ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі – 2 жыл) магистратураға қабылдау жүргізеді: «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы».

Мамандықтар:

  • 7М07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (ғылыми-педагогикалық бағыт), оқу мерзімі – 2 жыл.
  • 7М07202 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (бейіндік бағыт), оқу мерзімі – 1 жыл.
  • 7М10111 – «Фармация» (ғылыми-педагогикалық бағыт), оқу мерзімі – 2 жыл.
  • 7М10112 – «Фармация» (бейіндік бағыт), оқу мерзімі – 1 жыл.
  • 7М10113 – «Фармацевтикалық косметология» (ғылыми-педагогикалық бағыт), оқу мерзімі – 2 жыл.

Косметология бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқу Польша Республикасының Жешув қаласындағы Ақпараттық технологиялар және менеджмент университетімен бірлесіп жүргізіледі.

Магистратурада оқу үшін «Фармация» немесе «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша бакалавр академиялық дәрежесі болуы қажет.

Қажетті құжаттар тізімі, қабылдау ережелері және басқа да ақпарат С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ресми сайтында орналастырылған: https://kaznmu.edu.kz/ru/магистратура

БАЙЛАНЫС
Магистратура және докторантура бөлімі, Фармация мектебінің деканаты

Байланыс телефоны: +7 (727) 338-70-90 (ішкі: 77-71, 72-68)

E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image